Кітапхана туралы

Алматы Кітапханалары қаланың кітапхана жүйесін белсенді дамыту және жетілдіру, сондай-ақ қала тұрғындарының әдеби және ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы мәдениет және білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Біздің ұйымның басты мақсаты – оқырмандарды қызмет түріне қарамастан, әрбір бөлімшедегі жаңа мәдени ақпараттық өнімдер мен қызметтердің толық көлемін алуға бағдарлау болып табылады. Кітапхана – «үшінші орын», пайдаланушыларды ақпарат іздеуге тартудың әлеуметтік-мәдени өзара әрекеттесу, кітап оқуды насихаттау, халықтың әртүрлі топтары үшін қарым-қатынас орталығы, өзін-өзі дамыту мен шығармашылыққа арналған жалпыға бірдей қолжетімді интеллектуалдық өсу «алаңы».

Біздің қызметіміз – пайдаланушылардың санасында кітапхананың жаңа бейнесін, қызметін және бағытын қалыптастыру.