Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі

 

7 августа 2019

№4 кітапхана-бөлімшесінде 5 тамыз күні "Рухани жаңғыру " бағдарламасы аясында күллі жұрттың жүрегіне жол тауып, ақ алғысқа бөленген, дәрігерлік еңбек мекенін ізденіс пен шығармашылық мекеніне айналдыра білген денсаулық сақтау саласының үздігі, жоғары дәрежелі дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, академик Қайрат Айдарханұлының " Қазақ емшілігі " атты үш томдық жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті. Кітап мерекесіне арнайы көрнекті денсаулық сақтау қызметкерлері, Қазақстан Жазушылар Одағынан ақын-жазушылар, тілшілер, қала кітапханаларының басшылары, қызметкері қатысты. Қайрат Айдарханұлы өзінің үш томдық энциклопедиялық жаңа кітаптарын қала кітапханаларына тегін таратты.

все новости новости »