Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық

 

14 августа 2019

Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырған "Жастар Bookrossing" шараның өтуіне Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі де өз үлесін қосты. Буккроссинг – бұл жаһандық кітап алмасу жобасы. «Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген Жастар Bookrossing-гі Абай шығармаларына арналды. Аталмыш шарада Қазақстан Жазушылары кітапханасы мен №10 кітапхана-бөлімшесі кітап көрмесін ұйымдастырды. Ақын Саят Қамшыгер журналист-аудармашы Есей Жеңісұлы қатысып буккроссинг сөресіне өз кітаптарын қойды. Жас өнерпаздар Абайдың әндері мен өлеңдерін орындап, өмірі мен шығармашылығына арналған викторина сұрақтарына жауап берді. Жеімпаздарға Абайдың "Қара сөздері" жинағы таратылды.

все новости новости »