Жолдауға қолдау

 

18 октября 2019

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі №4 кітапхана-бөлімшесі мен "Адырна" қоғамдық қоры бірлесе отырып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл мәдени шараға жазушы, желтоқсан ардагері Ізтілеу Тойшыбайұлы, Республикалық патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Құрымбаев, ұстаз, Желтоқсан ардагері Гүлжамал Кенжалиева, жазушы, Алматы шет тілдері институтының оқытушысы Абдрашит Абдраимов, Мәдениеттанушы ,"Адырна" ұлттық этнографиялық бірлестігінің жауапты хатшысы Бердалы Оспан, Республикалық патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Шолпан Нұрғалиева, Шамалған ауылдық желтоқсаншылар ұйымының төрағасы Құсайын Мамбетрзаев шақырылды. Сондай-ақ Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжінің, Алматы полиграфиялық колледжінің ұстаздары және студенттері, К. Ахметов атындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп- интернат колледжінің оқушылары мен ұстаздары белсене қатысты.

Жолдауға қолдау

все новости новости »