Ел бірлігі - басты бағдар

 

23 октября 2019

Қазақстан Жазушылар кітапханасында «Ел бірлігі – басты бағдар» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушылар Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Адырна» ұлттық-этнография бірлестігі. Дөңгелек үстелге қаладағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері – Геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиясының мүшесі, қоғам қайраткері, Алматыдағы ингуш орталығының бұрынғы төрағасы Султан Оздоев, «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығы төрағасы Вакиль Набиев, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің Республикалық әдістемелік медиация кабинетінің меңгерушісі Нұрсәуле Альтекова, Қазақстан Қарулы күштерінің ардагері, құқық педагогикасының магистрі, отставкадағы полковник Мұхаметжан Әбдібеков және тағы басқалар қатысады. Дөңгелек үстел барысында ұлтаралық келісімділікті нығайту, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары, Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы мен мәртебесі жайлы мәселелер талқыланды. Дөңгелек үстелдің модераторы мәдениеттанушы Бердалы Оспан Қазақстандағы ұлттардың бірлігі мен бірегейлігіне тоқталды. Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері мен қонақтар көп ұлтты Қазақстандағы этносаралық қатынастар жөнінде айтып өтті. Кездесу соңында студенттер қонақтар және ұйымдастырушылармен бірге естелік фотоға түсті

 

Ел бірлігі - басты бағдар Ел бірлігі - басты бағдар Ел бірлігі - басты бағдар Ел бірлігі - басты бағдар

все новости новости »