Өзгеріс ойдан басталады

 

26 ноября 2019

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі

А.П Чехов атындағы қалалық орталық кітапханада журналист-аудармашы Шынар Әбілданың "Өзгеріс ойдан басталады" кітабының тұсаукесері болып өтті.

Осы шараның басты қонақтары журналист-аудармашы Қалампыр Кенжеғалиева, прозашы-ақын Нұржан Қуантайұлы және де

Қазақстанның "100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, полиглот, аудармашы, ғалым Қуаныш Жұмабек. "Өзгеріс ойдан басталады" кітабын өз қолымызға ұстап көріп, әр қазақтың шаңырағындағы кітап қорын толықтыратын кітап екеніне көзімізді жеткіздік. Қазіргі уақытта отбасын сақтай алмай ажырасып жатқан жастар, бала тәрбиесінде олқылықтар жіберіп, соның орнын толтыра алмай жүрген ата-ана, өмірде өздерінің орнын таппай, қиналып жүргендерге үлкен мотивация беретін кітап. "Өзгеріс ойдан басталады" кітабының тұсаукесері өте жоғары деңгейде өтті. Оқырмандар ойларында жүрген сұрақтарын қойып, автордан толыққанды жауап алды.

Өзгеріс ойдан басталады

все новости новости »