Өлең бар ма?

 

26 ноября 2019

Өлең бар ма ?
Өлең жазшы , Ақыным !
Мына өмірдің керек етпей ақылын,
Бұзып-жарып қағидасын өмірдің,
Сағындырып алыстағы жақынын!
Өлең жазшы , шалқарынан шабыттың.
Мәңгі өшпейтін таңбасындай табыттың,
Құлын жырға шөліркіген кеудемнің,
Асау жанын бодандықтан ағыттым!

Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында жас ақын Әйгерім Тұрлықожаның "Тамшыда да тағдыр бар..."атты кеші өтті. Шарада "Тамшы" кітабының таныстырылымы болды.. Шараға елімізге белгілі әдебиет және мәдениет қайраткерлері қатысты. Ақынның өлеңдерінен композиция қойылды.

Өлең бар ма?

все новости новости »