«Ұлттық құндылықтар ұлықталған жоба»

 

29 ноября 2019

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №4 кітапхана-бөлімшесі мен «Адырна» қоғамдық қорымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша «Ұлттық құндылықтар ұлықталған жоба» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге арнайы: Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы, Қазақстан ұлттық арнасының журналисі Нұрлан Наурызалиев, филология ғылымдарының докторы, профессор Какен Хамзин, Ақын, Жазушылар одағының мүшесі Әбубәкір Қайран, Қазақ Ұлттық университетінің дінтанушысы Айнұр Құрманалиева, Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология, этнология факультетінің доценті Факия Шамшиденова, қоғам белсендісі, желтоқсаншы Гүлбахрам Жүніс, сонымен қатар Әмірбек Шиырбаев секілді зиялы қауым өкілдері қонақ болды. Сонымен қатар Алматы Полиграфия колледжі, Қаржы-құқық колледжі, Қазақстан – Ресей медицина колледжінің студенттері мен ұстаздары қатысты. Дөңгелек үстелде слайд-презентациямен қатар тағылым-тәрбиесі мол арнай дайындалған фильмде көрсетілді. Дәстүрлі рухани құндылықтар дәріптелген шарада жастармен тағылым – тәрбиесі мол сүбелі әңгіме өрбітілді.

«Ұлттық құндылықтар ұлықталған жоба»

все новости новости »